Астана, Алматы мен Шымкенте 2 шілдеде ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Алматыда күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 34 градусқа дейін көтеріліп, түнде 17 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,5 м/с.

Астанада күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 32 градусқа дейін жетіп, түнде 15 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,5 м/с.

Шымкентте де бүгін күн ашық болады. Күндіз термометр бағаны 38 градусқа дейін жетіп, түнде 20 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 5,1 м/с деңгейінде болмақ.