Президент елордада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) штаб-пәтерінің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбай Ұйымның негізгі кеңсесіндегі ескерткіш тақтаны салтанатты түрде ашты. Содан кейін Құрмет қарауылы ротасы АӨСШК туын көтерді. Мемлекет басшысы жаңа штаб-пәтердегі жұмыс кабинеттерін, open space аумағын, аудармашылар кеңсесін, төрағалық залын және музей-кітапхана бөлмелерін аралап көрді.

Президент іс-шараға жиналған қауым алдында сөз сөйлеп, еліміздегі дипломатия саласының қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтадыү

Бабаларымыз ғасырлар бойы «дала дипломатиясымен» өмір сүрген. Халқымыздың мәмілегерлік дәстүрінің арқасында Ұлы далада бейбіт өмірдің ерекше үлгісі қалыптасқан. Құрмет пен сыйластық қашанда қастерлі құндылық ретінде бағаланған. Ертеден келе жатқан осы қағида – сыртқы саясатымыздың мызғымас тірегі әрі айнымас темірқазығы, – деді Мемлекет басшысы.        </div>

                        <div class=

  • Share: