30 маусымда сағат 20:30 шамасында Түпқараған ауданы Ақшұқыр кентінің шетінде екі белгісіз адам жеке жүргізушінің қызметтерін пайдаланып, оған физикалық күш қолданды — мойнын қауіпсіздік белдігімен қысқан.

Осыдан кейін олар ер адамды көліктен түсіріп, оны Hyundai Accent автокөлігіне ие болып алған.

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер анықталып, ұсталды. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Тергеу жалғасып жатыр.