Көзілдірік — тек күннен қорғану немесе жақсы көруге арналған құрал емес, сыртқы келбетіңізді құлпырта түсетін аксессуар, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Стилист Натали Время көзілдіріктің жақтауы бет әлпеттің ерекшеліктерін айқындап, сырт келбетті бұзбай, үйлесімді көрінуі үшін оны қалай дұрыс таңдау керектігін түсіндіреді. Бұл туралы "Лиза" журналы жазды.

Бет пішініне сәйкес көзілдірік таңдау

Сопақша бет
Сопақша бетке көзілдіріктің кез келген түрі жарасады. Тек тым көлемді, ауыр жақтаулары бар көзәйнектен аулақ болыңыз. «Мысық көзі», дөңгелек, геометриялық формалар мен ерекше дизайндағы үлгілер тамаша таңдау болмақ.

Дөңгелек бет
Беті дөңгелек жандарға тікбұрышты немесе төртбұрышты, айқын сызықты жақтауы бар көзілдірік таңдаған жөн. Сонымен қатар, «көбелек» формалы немесе сыртқы бұрышы жоғары көтерілген көзілдіріктер де жарасады. Кішкентай және дөңгелек үлгілерден аулақ болыңыз.

Төртбұрышты бет
Айқын жақ сүйектер мен маңдай сызығын жұмсарту үшін жұмсақ, дөңгелектелген формалар – сопақша, дөңгелек немесе «авиаторлар» жақсы келеді. Ал тік, қатаң сызықты жақтаулардан бас тартқан дұрыс.

Жүрек тәрізді бет (кең маңдай, сүйір иек)
Төменгі бөлігін теңестіретін модельдер – яғни, төменгі жағы акценттелген немесе жұмсақ пішінді көзілдіріктер қолайлы. Жартылай мөлдір және металл негіздегі жеңіл үлгілер визуалды тепе-теңдік береді.

Алақандай бет
Тым үлкен, ауыр жақтаудан сақ болыңыз. Орташа өлшемдегі, жіңішке сабақты көзілдіріктер жарайды.

Бет пішініне қарай көзілдірікті қалай таңдау керек? Стилист кеңесі

2025 жылдың жазындағы тренд көзілдіріктер

  • Мөлдір жақтау: түссіз, ашық сұр, нәзік қызғылт түстер образыңызға жеңілдік береді.
  • Айқын геометрия: кеңсе немесе іскерлік стиль үшін үйлесімді.
  • Сопақша және ұзынша линзалар: 2000 жылдардағы көзәйнектердің жаңа, сәнді нұсқасы.
  • Карамель, шарап түсті, мүк жасыл, ашық сирень түстер: тері өңін ашып, күнге күйген әсер береді.
  • Тығыз пластик: кең жақтаулар — келбетке айқындық қосады.
  • 90-жылдар стиліндегі металл: жіңішке, минималистік формалар қайта сәнге енді.
  • Не таңдамау керек? Тым қара айнасы бар, ескірген тар үлгілер, стандартты «авиаторлар», көлемді маскалар мен шамадан тыс әшекейлі моделдер.

Стилист кеңесі: көзілдірікті қалай дұрыс таңдау керек?

  • Форма мен түс: көзілдіріктің жақтауы келбетіңізге үйлесуі қажет. Қою қызыл, янтарь, мүк жасыл сияқты қою түстер образға айқындық пен сергектік береді.
  • Ыңғайлылық: көзілдірік мұрынды қыспауға және тайып кетпеуге тиіс. Жоғарғы шеті қас сызығымен бірдей болса құба-құп.
  • Бет сызығына үйлесімділік: жақтау жақ сүйек пен иек сызығымен сәйкес келуі маңызды. Оның ені бет енімен шамалас болуы керек.
  • Ультракүлгіннен қорғаныс: Стиль үшін таңдалса да, көз денсаулығын ұмытпаңыз – сапалы линзалар ультракүлгін сәуледен қорғайды.

Бұған дейін жаз мезгілін қауіпсіз ету үшін не істеу керектігі туралы жазған едік.