Ақтөбеде қоғамдық резонансқа ие болған, жаппай төбелес кезінде жасөспірімнің өлімі орын алған іс бойынша сот отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
10 жас жігіт сотталушы орындығында отырды.
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен мына адамдарға мынандай айыптар тағылды:
- екеуіне адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен қорқытып алу, бұзақылық ниетпен, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, басқа адамдардың өмiрiне қауiптi тәсiлмен жасалған, адамдар тобы болып, қорқытып алумен ұштасқан екi немесе одан көп адамды өлтіруді ұйымдастыру, бұзақылық ниетпен, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен аса қатыгездіпен, көрінеу кәмелетке толмаған адамды өлтіру;
- үшіншісіне де осы баптар, сонымен қатар терроризмдi насихаттау немесе көрсетілген мазмұндағы материалдарды телекоммуникация желілері арқылы тарату мақсатында дайындау, сақтау немесе тарату;
- төртіншісіне адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен қорқытып алу, бұзақылық ниетпен, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, басқа адамдардың өмiрiне қауiптi тәсiлмен жасалған, адамдар тобы болып, қорқытып алумен ұштасқан екi немесе одан көп адамды өлтіруге көмектескен, бұзақылық ниетпен, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен аса қатыгездіпен, көрінеу кәмелетке толмаған адамды өлтіру;
- тағы алты сотталушыға адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен қорқытып алу, бұзақылық ниетпен, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, басқа адамдардың өмiрiне қауiптi тәсiлмен жасалған, адамдар тобы болып, қорқытып алумен ұштасқан екi немесе одан көп адамды өлтіруге оқталған, бұзақылық ниетпен, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен аса қатыгездіпен, көрінеу кәмелетке толмаған адамды өлтіру.
Сотпен 2024 жылғы 27 мамырда Ақтөбе қаласында сотталушы орындығындағы үшеу кәмелетке толмаған інілерінің арасындағы жанжалды ілік етіп, жәбірленуші және басқалардан 300 000 теңге немесе iPhone 13-ті талап еткен. Олар бас тартқан жағдайда қару қолданып, пышақ жарақатын саламыз деп қорқытқан.
"2024 жылғы 28 мамыр күні түн ортасында базар автотұрағында айыпталушылар мен жәбірленушілер (барлығы 32 адам) кездескен. Әңгімелесу барысында сотталушылардың бірі жәбірленушілер жағына үш рет оқ атқан. Содан кейін С., С-1 және Б. есімді сотталушылар екі ВАЗ автокөлігімен қашып бара жатқан адамдарды басып түйген. Кәмелетке толмаған жәбірленуші бытыралы жарақат алып, құлаған кезде сотталушы Т. пышақпен 1–2 рет сұғып, ал Е. оның бетіне 2–3 рет жұдырықпен соққы жасаған. Осыдан кейін Н., Д. және Қ. кәмелетке толмаған жәбірленушіге өмірлік маңызды жерлеріне бірнеше пышақ жарақатын салып, қолы мен аяғының сіңірлерін кесіп жіберген. С-2 қалған жәбірленушілерді қуған. Ауыр жарақат салдарынан кәмелетке толмаған жәбірленуші қаза тапқан.Тағы 8 жәбірленуші аяқтарына тиген бытыра оғынан жеңіл дене жарақаттарын алған", делінген сот хабарламасында.
Айып тағылған 10 сотталушының барлығы өз кінәларын мойындамады.
Сот үкімімен:
- сотталушылар Н. мен Д. — ҚК-нің 194-б. 2-б 2-т., 28-б. 3-б. — 99-б. 2-б. 1),6),7),8),9) – тармақтарымен, 99-б. 2-б. 5),7),9),14) – тармақтарымен кінәлі деп танылды. ҚК-нің 58-б. 4-б. сәйкес, әрқайсысына, қылмыстырдың жиынтығы бойынша, жазаларды iшiнара қосу арқылы, түпкілікті 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
- Қ. — осы баптармен және ҚК-нің 256-б. 2-б. кінәлі деп танылып, оған үкімдердің жиынтығы бойынша түпкілікті 22 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
- С. — ҚК-нің 194-б. 2-б 2-т., 28-б. 5-б. — 99-б. 2-б. 1),6),7),8),9) – тармақтарымен кінәлі деп танылып, ҚК-нің 58-б. 4-б. сәйкес, түпкілікті 15 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
- М., С-1, Е., Т. және С-2 ҚК-нің 194-б. 2-б 2-т., 24-б. 3-б. — 99-б. 2-б. 1),6),7),8),9) – тармақтарымен кінәлі деп танылып, ҚК-нің 58-б. 4-б. сәйкес, әрқайсысына, түпкілікті 15 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
- Б., ҚК-нің 194-б. 2-б 2-т., 24-б. 3-б. — 99-б. 2-б. 1),6),7),8),9) – тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған, ҚК-нің 58-б. 4-б. сәйкес және ҚК-нің 55-б қолданылып, түпкілікті 11 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
- Сотталушылар С, М., Б., С-1, Е., Т. және С-2, олардың іс әрекеттерінде ҚК-нің 99-б. 2-б, 1,5,7,9,14 — тармақтарында көзделген қылмыстың құрамы болмауына байланысты – ақталды.
Жәбірленушінің азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылып, сотталғандар Н., Қ., Д.-дан, әрқайсысынан 10 000 000 теңге моральдық зиян және үлестік тәртіпте 986 384 теңге мүліктік шығын өндірілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Бішкектегі оқу ордасындағы жанжалдан кейін қазақстандық 20 студент оқудан шығарылғанын жазғанбыз.