Жаз – жыл бойғы еңсені басқан шаршаудан арылып, шетелде серуендеп, тынығудың таптырмас мезгілі. Әсіресе шоу-бизнес өкілдері мен өнер иелері бұл маусымды ерекше күтеді. Бірі экзотикалық аралдарды таңдаса, енді бірі тарихи орындарды аралап, жан тыныштығын іздейді. El.kz интернет порталы қазақстандық жұлдыздардың осы жазда қайда демалып жүргеніне шолу жасады.

Майғазиевтер отбасы – Индонезия мен Түркияда

Жақында ғана үйлену тойын дүркіретіп өткізген Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет пен келіні Әдия бал айын Индонезияның әйгілі Бали аралында, Вьетнамда және Исландияда өткізіп жатыр. Жас жұбайлардың демалысы әлеуметтік желіде кеңінен талқылануда.

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары қайда демалып жүр?

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Adiys (@adiyassn)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Ал Сәкен Майғазиев пен жұбайы Динара Майғазиева үш қызымен бірге Түркияның курортты қалаларының бірінде тынығуда. Әнші отбасының бақытты сәттерін Instagram желісінде бөлісіп отыр.

Баян Алагөзова – Антальяда

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары қайда демалып жүр?

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Bayan Alaguzova (@bayanmaxatkyzy)

Белгілі продюсер және тележүргізуші Баян Алагөзова отбасымен бірге Түркияның Анталья қаласында демалуда. Ол Instagram парақшасында оқырмандарымен жағымды эмоцияларын бөлісуде.

Актёрлер мен әншілер: Вьетнамнан Флоридаға дейін

Танымал актёр әрі спортшы Еркебұлан Тоқтар қазіргі таңда АҚШ-тың Флорида штатында демалуда. Ол жағажайдағы сәттерін Instagram арқылы бөлісіп, жанкүйерлерінен жылы пікірлер естуде.

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары қайда демалып жүр?

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Еркебулан Токтар (@erkebulan_toktar)

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары қайда демалып жүр?

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Акбота-Нур