Ұлттық статистика бюросы бүгін, 2025 жылғы 1 шілдеде Қазақстандағы халық саны туралы жаңа деректер ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бюроның Telegram каналында жарияланған ақпаратқа сүйенсек:
"2025 жылғы 1 маусымға Қазақстан халқының саны 20 370 672 адамды құрады".
Жыл басынан бергі өсім – 87,2 мың адам, оның ішінде:
- табиғи өсім есебінен – 80 мың адам,
- көші-қон есебінен – 7,2 мың адам.
Статистикаға сүйенсек, Қазақстанның жеті өңірінде халық саны 1 млн адамнан асады:
- Алматы қ. – 2 314 929 адам
- Түркістан обл. – 2 150 992 адам.
- Алматы обл. – 1 575 657 адам
- Астана қ. – 1 566 566 адам
- Шымкент қ. – 1 274 296 адам
- Жамбыл обл. – 1 220 481 адам
- Қарағанды обл. – 1 133 068 адам
Бұған дейін 1 шілдеде доллар бағамының төмендеуді жалғастырғанын жазғанбыз.