Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев 9 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, экс-әділет министрі Бекетаевқа қатысты қылмыстық іс алаяқтық, аса ірі көлемде ұрлық жасау және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактілері бойынша тергелген.
"Оған қатысты тергеу "құпия" жүргізілгендіктен, іс материалдары мен қылмыс мән-жайлары, өкінішке қарай, жария етілмейді", — деді Данияр Биғайдаров 2025 жылғы 30 маусымда.
Еске салайық, наурыз айында Антикордың ресми өкілі Марат Бекетаевқа қатысты іс сотқа жолданғанын хабарлаған еді.