Оқыс оқиғадан қаза тапқандар жоқ.

Иранның солтүстік-батысында орналасқан Тебриз мұнай өңдеу зауытының салынып жатқан блоктарының бірінде азот сақталған резервуар жарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Tasnim агенттігі мәлімдеді.

Мәліметтерге қарағанда, зауыт маңындағы қалың түтін апат салдарынан пайда болған. Зауыт қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр.