Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов осы жылы 50 мыңға жуық халықтың мәселесі шешіліп, ауданға көгілдір отын келетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аудан басшысының айтуынша, осы жылы Жаңатас қаласынан бөлек 13 елді мекен тұрғындары табиғи газбен қамтылмақ.

– Биыл ауданда көптен күткен газ мәселесі шешімін табады. Қазіргі таңда елді мекендерді табиғи отынмен қамту үшін жоғарғы қысымды газ құбырының құрылысы (АГРС) қарқынды жүруде, тіпті аяқталуға жақын. Көгілдір отын ел игілігіне берілсе, тұрғындарды газбен қамту деңгейі елді мекен саны бойынша 76 пайызға жететін болады, – дейді С.Мамытов.

Сонымен қатар жергілікті атқарушы органның басшысы газ құбырларын аула ішіне халыққа тиімді бағада кіргізудің де бірыңғай тетігі қарастырылып жатқанын жеткізді.