Степногорск қаласында жылу маусымына дайындық жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша жылу желілерінің тозу көрсеткіші 81%-тен 75%-ке дейін азайған. Қысқамерзімді кезеңде алты шақырымнан астам жылу магистралі және он шақырымға жуық жылу трассасы қалыпқа келтіріледі. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жеке инвесторлар да жобаға атсалысады. Олар екі қазандық пен барлық турбиналық жабдықтарды ауыстырады. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Ол жөндеу жұмыстарының уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.