Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

Елордада Айтматов көшесі жөндеу жұмыстарына жабылады

Астанада Қ.Мұхамедханов көшесінен Қорғалжын тас жолына дейінгі учаскеде Ш. Айтматов көшесін жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 28 маусым — 5 шілде аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатынын мәлімдеді.

Осы уақытта автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз, — деп жазылған басқарма таратқан ақпаратта.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.