Еліміздің бас газетін сонау Шерхан марқұм­дардың кезінен бері үзбей оқып келе­мін. «Egemen Qazaqstan» газеті тәуел­сіздік жылдарындағы айнымас сері­гім десе де болады.

Жасым 75-тен асса да, газетті үзбей алып отырамын. Өзіме ұнаған мақала­ларды қиып алып қоямын. Рухани құндылықтар туралы, елеулі тұлғалар туралы мақалаларды ұна­тып оқимын. Әсіресе сараптамалар ұнайды. Өз маман­дығым зоотехник болған соң, ауыл шаруашылығы саласына бүйрегім бұрып тұрады. Газетте еліміздің ауыл шаруашылығын қалай дамыту жөнінде сараптама материалдар жиірек шықса, жақсы болар еді. Әзірге ондай мақала аздау сияқты. Біздің жеріміз кең, ауыл шаруа­­шылығына көбірек көңіл бөлуі­міз керек. Сосын экономиканың даму барысы жөнінде мамандар пікірі, сарап­­­­тама көбірек болса игі. Әрине, бұл тақы­рыпты тілшілер жазып жатыр, бірақ кәсіби маманның жазуы бөлек қой.

Қазір байқағаным, газетте ақ­парат, күнделікті жаңалықтар басым беріледі. Ал газет ауылға, бізге жет­­кенше ол жаңа­лық­тың мәні қал­майды. Сондықтан өз басым газеттен көлемді сараптама күтемін. Кейінгі кездері мақа­лалардан Олжас Сүлейменов тура­лы жазылған эссе ұнады. Сосын Екінші дүниежүзілік соғыс – сүйікті тақырыбым. Кейін­гі кез­дері шыққан Бауыржан Мо­мышұлы, Әлия Молдағұлова туралы жақсы мақа­­ла­ларды тұшынып оқыдым. Газет ұжы­­мы­на табыс тілеймін!

Уәлиолла ӘБІШЕВ,

еңбек ардагері

Батыс Қазақстан облысы,

Қазталов ауылы