Ертең, 28 маусымда Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК синоптиктері.
Түнде және күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 28 маусымда найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.
Күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Жезқазғанда күндіз найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің күндізгі екпіні — 15-20 м/с.
28-29 маусымда Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Күндіз Алакөл көлдері ауданында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. 28-29 маусымда облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 28-29 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Астанада 28 маусымда найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 28 маусымда найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні — 15-18 м/с.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 28 маусымда солтүстік-шығыстан солтүстік-батыс қа ойыса жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың орталығында батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Жел батыстан соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында қатты жаңбыр жауады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 28 маусымда күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15-20 м/с.
Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 28 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың батысында, шығысында бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда 28 маусымда найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15-20 м/с.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 28 маусымда күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі.
Түнде Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 28 маусымда түнде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-18 м/с.
Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 28 маусымда оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, күндізгі екпіні — 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 28 маусымда күндіз шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 28 маусымда найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Өскеменде 28 маусымда найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, түнде облыстың оңтүстік-батысында тұман түседі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Облыстың шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Павлодарда 28 маусымда түнде және таңертең найзағай ойнайды деп күтіледі.