2025 жылғы 26 маусымда өткен Сенаттың жалпы отырысында депутаттар Мемлекет басшысының Жоғарғы сот судьяларын қызметтен босату туралы ұсынысын қолдады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малаховтың айтуынша, Сенат қарауына Мемлекет басшысының Досжан Әмірді отставкаға шығуына байланысты қызметтен босату туралы ұсынысы енгізілген.
"Судья зейнеткерлік жасқа жетті, 36 жыл бойы бірнеше облыстық соттың төрағасы болды. Досжан Сарманқұлұлы судьялар арасында зор беделге ие. Қазақстан Судьялар одағының төрағасы болып табылады", – деді Дмитрий Малахов.
Сондай-ақ ол тағы бір судья – Герман Нұрбаевтың 2025 жылғы 10 маусымда ТМД Экономикалық соты Пленумының қаулысымен ТМД Экономикалық сотының төрағасы болып сайланғанын атап өтті.
"Сіздерден Әмірді отставкаға шығуына байланысты, ал Нұрбаевты басқа қызметке сайлануына байланысты Жоғарғы сот судьясы лауазымынан босату туралы Мемлекет басшысының ұсынысын қолдауларыңызды сұраймыз", – деді Дмитрий Малахов.
Бұған дейін Қазақстанда 40 жыл ішінде алғаш рет негізгі су объектісін тазарту басталғанын жазғанбыз.