Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 25 маусымда Мозамбик Республикасының Президенті Даниэл Шапуға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Даниэл Шапу мен оның отандастарын Мозамбик Республикасының тәуелсіздігіне 50 жыл толуымен құттықтады, делінген Ақорда хабарламасында.

"Осынау тарихи күн халқыңыздың бірлігі мен жасампаздығының айқын нышаны, мемлекеттілік пен тұрақты дамудың мызғымас тұғыры ретінде ерекше мәнге ие. Еліңіз тәуелсіздік құндылықтарын ту етіп, алдағы уақытта да биік мақсат-мұратқа жете беруіне тілектеспін", – деп жазылған жеделхатта.

Президент Қазақстан мен Мозамбик арасындағы достық қарым-қатынас одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

Бұған дейін 26-27 маусым күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың Минск қаласына баратыны хабарланған.