26-27 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Минск қаласына барады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"26-27 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық форумға және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Минск қаласына барады", делінген Ақорда хабарламасында.

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына және Еуразиялық экономикалық форумға қатысатыны белгілі.

Бүгін, 25 маусымда Тоқаев Ақтөбе облысына келді. Өз сапары барысында ол Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қойып, оны бір минут үнсіздікпен еске алды. Кейін Мемлекет басшысы "Айбын" XI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу салтанатына қатысты.