Еліміздің бірнеше өңірінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, күндіз дауыл күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қарағандыда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз найзағай күтіледі. Күндіз 36 градус қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Жезқазғанда күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Алматы облысының онтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Алматыда күндіз 36 градус қатты ыстық күтіледі. Қонаевта күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Облыстың оңтүстік жартысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында түнде облыстың батысында, орталығында найзағай, дауыл, күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында бұршақ, облыстың орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, түнде күші облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда түнде найзағай күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр. Облыстың оңтүстік жартысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда түнде және таңертең найзағай күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде найзағай. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда түнде найзағай күтіледі.