Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық журналистика саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының 2025 жылғы 24 маусымдағы №226 өкімімен
Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы:
1. Egemen Qazaqstan газеті бас редакторының орынбасары – Талғат Садықұлы Батырханға;
2. "АЙҚЫН-ЛИТЕР" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры – Талғат Ешенұлы Қырықбаевқа;
3. "Казахстанская правда" газетінің бөлім редакторы – Юлия Дмитриевна Магерге;
4. Qazaqstan ұлттық телеарнасының шеф-редакторы – Армангүл Тоқтамұратқа берілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы гранты:
1. Kokshe телеарнасының шеф-редакторы – Зарина Өмірғалиқызы Бекқалиеваға;
2. Jibek Joly / Silk Way телеарнасының тілшісі – Күнсая Құрмет-Рахимоваға;
3. Abay Live YouTube-арнасының авторы және жүргізушісі – Абай Сейфуллаұлы Тіленшиевке;
4. Тengrinewskz сайтының тілшісі – Алина Александровна Шашкинаға тапсырылды;
Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы алғысы:
1. Ana tili газетінің шығармашылық ұжымына;
2. BALAPAN телеарнасының шығармашылық ұжымына;
3. Soltustik Qazaqstan газетінің шығармашылық ұжымына;
4. "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамының ұжымына жарияланды.
Іс-шарада журналистика саласының ардагері Шархан Қазығұл, "Казахстанская правда" газетінің бөлім меңгерушісі Юлия Магер және "Хабар" телеарнасының жүргізушісі Гүлнәзия Зарипова сөз сөйледі.
Мемлекет басшысы БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсіміне қатысушылармен бірге суретке түсті.