Таяу Шығыстағы әскери-саяси жағдайдың күрт ушығуына байланысты ірі әуе тасымалдаушылар бұл бағыттағы рейстерді шектеді немесе мүлдем тоқтатты. Алайда бүгін, 2025 жылғы 24 маусымда, Air Astana әуе компаниясы ұшуларды қайта бастауға қатысты шартты жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Компанияның Telegram-каналында жарияланған мәліметке сәйкес, Air Astana 2025 жылғы 25 маусымнан бастап ресми түрде оқ ату тоқтатылса, Таяу Шығысқа рейстерді қайта жандандыруды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, Алматыдан Дубай мен Дохаға ұшатын рейстердің жағдайды бағалау мақсатында кешігіп ұшуы мүмкін екені айтылған.
"Жолаушылардан рейстердің мәртебесін компанияның ресми сайтынан бақылап отыруды сұраймыз", – делінген ресми хабарламада.