Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алматыда жасөспірім колониядан қашып кетуге тырысқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесi мәлім етті.

Мекеме қызметкерлері сотталған жасөспірімді жедел түрде ұстады.

"Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтау мақсатында қызметтік тергеу басталды", – делінген хабарламада.