Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерінің өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" басылымының жазуынша, қайғылы оқиға 2025 жылдың 21 маусымында Достық ауылында (бұрынғы РТС) болған.

"Алдын ала ақпарат бойынша, 22 жастағы полиция қызметкері өз үйінің ауласында өмірмен есеп айырысқан. Жас жігіт асылып қалды", – делінген порталдың сайтында жарияланған хабарламада.

Оқиғаға қатысты өңір полициясы түсініктеме берді.

"Ер адамның өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда",- деді ведомство өкілі.

Бұған дейін Тараздағы саябақта жиырмаға жуық аттракционның заңсыз жұмыс істеп тұрғандығын жазғанбыз.