Тура сондай сервис кейбір банк қосымшаларына да интеграцияланды.
Egov қосымшасында "Заң мен Тәртіп" жаңа цифрлық сервисі іске қосылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңа сервис арқылы кез келген адам құқық бұзушылықтар туралы полицияға тікелей хабарлай алады.
"Қосымшаның басты бетінде арнайы "Заң мен Тәртіп" түймесі пайда болды. Сол арқылы хабарламаны жедел жолдауға болады. Өтініш беру қарапайым әрі түсінікті. Қоғамдық тәртіпті бұзу, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жол-көлік оқиғасы немесе балаға төнген қауіп сияқты жағдайлар туралы дабыл бірден полицияға түседі және полиция қызметкерлері хабарлама түскен сәттен бастап әрекет етеді", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Аптасына бір рет: Қазақстан мен Бахрейн арасында тікелей әуе рейсі іске қосылды
Тура сондай сервис кейбір банк қосымшаларына да интеграцияланды. Негізгі мақсат – полиция мен азаматтар арасындағы өзара әрекеттестікті жеңілдету және жеделдету, жедел әрекет ету деңгейін арттыру және көмекті барынша қолжетімді ету.
Сервис тәулік бойы жұмыс істейді. Ал өтініштер бүкіл республика бойынша қабылданады.