Ертең, 22 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы құқық қорғау органдары басшыларымен кездесу өткізеді. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысы өтеді.
Жиынға ҚР үкіметі, президент әкімшілігі, бас прокуратура, ішкі істер министрлігі, қаржы мониторингі агенттігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылары қатысады", — деп жазды Желдібай.