24 маусымда Қазақстанның 18 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні — 15-18 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 16 м/с.
Күндіз Алматы облысының батысында, солтүстігінде, орталығында 42 градус өте қатты ыстық болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батыс бағытқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз Қонаевта 36 градусқа дейін күн қатты ысиды деп күтіледі.
Қарағанды облысының шығысында, батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.
Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында да 24 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, найзағай ойнап, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 24 маусымда күндіз найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.
24 маусымда күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 24 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Қостанай облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнап, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні — 15 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда 24 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда 24 маусымда түнде және таңертең найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.
Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Күндіз облыстың оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 24 маусымда таңертең және күндіз кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15-18 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 24 маусымда найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде найзағай ойнап, күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, бұршақ түседі, түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады деп күтіледі. Күндіз және түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 24 маусымда түнде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман түсіп, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұршақ түседі, дауыл тұрады. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-18 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Маңғыстау облысының батысында қатты жаңбыр жауады, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда кей уақыттарда найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15-18 м/с.
Астанада 24 маусымда таңертең және күндіз найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Cолтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні — 15-18 м/с.
Таңертең және күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай ойнап, облыстың тау асуларында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың батысында, шөлді аудандарында 40 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 24 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда күндіз 40 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
24 маусымда Жетісу облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күндіз орталықта найзағай ойнап, облыстың шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 42 градус өте қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 24 маусымда түнде найзағай ойнап, күндіз 36 градус қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қаупі күтіледі.
Бұған дейін синоптиктер 2025 жылдың 24 маусымында +40°C-ге дейін қатты ыстық болатын Қазақстанның өңірлерін атаған болатын.