Синоптиктер 2025 жылдың 24 маусымында +40°C-ге дейін қатты ыстық болатын Қазақстанның өңірлерін атады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, сейсенбіде түстен кейін бес өңірде аптап ыстық болады деп болжануда:
- +40°C-ге дейін — Жамбыл облысында, Түркістан облысының батысында, шөлейтті аудандарында,
- +35 + 38°C дейін — Алматы облысында, Жетісу облысында, Абай облысының оңтүстігінде.
"Республикамыздың басым бөлігінде циклонның және соған байланысты пайда болған атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің батысында, оңтүстік-батысында, шығысында нөсер жаңбыр жауады, батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында бұршақ түседі деп күтіледі. Республикамыз бойынша тіркелетін ортақ табиғи құбылыс — желдің екпін алуы. Еліміздің солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады", делінеді ауа райы болжамында.
Сондай-ақ, гидрометеорологиялық орталық төтенше қауіптер бойынша ақпаратпен де бөлісті:
- жоғары өрт қаупі — Абай облысының орталығында, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында, Ақмола облысының солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Солтүстік Қазақстанның оңтүстігінде, Атырау өңірінің солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде;
- төтенше өрт қаупі – Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысында, Ақтөбе өңірінің батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Атырау облысының орталығында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында, Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында.
Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.