Алматыда 2025 жылы 24 маусымда Желтоқсан көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады, деп хабарлайды Zakon .kz.
Қала әкімдігінің мәліметінше, 24 маусым күні сағат 08.00-ден 22.00-ге дейін Шевченко көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс уақытша жабылады. Бұл аумақты Абылай хан даңғылы мен Наурызбай батыр көшесі арқылы айналып өтуге болады.
BRT (Bus Rapid Transit — автобус жолағы) жобасын жүзеге асыру аясында Желтоқсан көшесінде құрылыс-монтаж жұмысының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
"Жөндеу жұмысы жүргізілетін учаскеге ескерту белгілері, мердігер ұйымның байланыс ақпараты бар тақта қойылады. Бағытты алдын ала жоспарлауды сұраймыз", делінген хабарламада.
Бұған дейін де құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Желтоқсан көшесі жабылған болатын.