Дзюдодан Олимпиада медальдарының толық жиынтығының иегері Елдос Сметов Instagram парақшасында өзіне ота жасалғаны туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өткен жылы Парижде өткен Олимпиадада спортшы Қазақстан құрамасына 60 келі салмақ дәрежесінде жалғыз алтын әкелген болатын. Содан бері ол жарыстарға қатыспаған.

Дүйсенбіде Сметов Instagram Stories-інде ауруханада түскен суретін жариялаған еді. Кейінірек ол жағдайдың егжей-тегжейін бөлек жазбада жариялады.

"Құрметті Қазақ елі! Мені уайымдам, алаңдаушылық білдіріп жатқандарыңызға рахмет! Италияның Рим қаласында иығыма ота жасатқаным рас. Аллаға шүкір, бәрі жақсы өтті. Өздеріңіз бұрыннан білесіздер, Олимпиадаға дейін де иығымның жарақаты, ұсақ жарақаттарым жиі мазалайтын. Қазір денсаулығыма толық көңіл бөлгенді және толық ем қабылдағанды жөн көрдім.

Алла жазса, 2-3 айдан кейін жаттығу, ал жарыстарға — келесі жылдың басында қосылуға ниеттімін. Карьерасын аяқтады деп сүйіншілегендерге де сәлем жолдаймын. Мен әлі сары нашивкамен татамиге шығып күресетін боламын ", — деді ол.

Қыркүйекте қазақстандық дзюдошы 33 жасқа толады. Ол Париж-2024 Олимпиадасының алтынынан бөлек, Рио-2016-да күміс, 2020 жылы Токиода қола жүлдені иеленді. Сметов бір рет әлем және Азия чемпионаттарында, сондай-ақ Азия ойындарында жеңімпаз атанды.