Қайтыс болған марқұмның ішкі органдары еліміздің түрлі аймағындағы бірнеше пациентке жаңа өмір сыйлады.

Науқас геморрагиялық инсультпен Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасына түсіп, ем алған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Геморрагиялық инсульт — бұл артериялық гипертонияның асқынуы. Жоғары қысымды көтере алмаған қан тамыры жарылады.

Дәрігерлер екі күн бойы оның өмірі үшін күресті, бірақ науқас өмірден озды. Ер адам қайтыс болғаннан кейін донорлыққа ресми түрде келісім берген, ал туыстары оның бастамасын қолдаған.

Марқұмның ағзасынан алынған ішкі мүшелері ел бойынша мұқтаж науқастарға лезде таратылды: Астанадағы Ұлттық ғылыми медициналық орталықта науқасқа жүрек, ал бүйрек ауыстыруды қажет ететін балаларға ауыстырылды. Операциялар сәтті өтті.

Көздегі мүйізді қабықтың трансплантациясы ерекше маңызға ие болды: Алматы ауруханасында офтальмолог Гүлзат Әбдірамова алғаш рет көз алмасын сәтті алып тастады. Бұл қасаң қабықтың ауыр зақымдануы бар 2 науқастың көруін сақтауға мүмкіндік берді. Операциялар дер кезінде жасалды, екеуі науқастың қазіргі жағдайы бірқалыпты. Дәрігерлер оң болжам жасап отыр.