Ташкентте (Өзбекстан) спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңі аясындағы финалдық жарыстар өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

21 маусымда Қазақстан құрамасы үш бірдей жүлде жеңіп алды.

Ерлер арасында қоссырықтағы жаттығуларда Ілияс Әзізов 13.100 ұпай жинап, күміс медаль иеленді. Осы жаттығуда Дмитрий Патанин 12.700 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл сында алтын медальді 13.550 ұпай жинаған Ахрорхон Темирхонов (Өзбекстан) жеңіп алды.

Бөрене үстіндегі жаттығуда Көркем Ербосынқызы 12.100 ұпаймен үшінші орынға ие болды. Алғашқы орынды 13.300 ұпаймен Кайлия Немур (Алжир) жеңіп алса, екінші орынды Одинахон Робиджонова (Өзбекстан) 12.500 ұпаймен еншіледі.