Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Иранның зымыран инфрақұрылымына қарсы жаңа соққы толқыны басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 21 маусым күні ведомство Telegram-арнасында хабарлады.
"Әскери-әуе күштері Иранның орталық бөлігіндегі зымырандарды сақтау және ұшыру нысандарына соққылар сериясын бастады", – делінген хабарламада.
Аталған мәлімдеме Тегеран тарапынан түнгі шабуылдан кейін бірден жарияланды.
Айта кетейік, Қазақстан өз азаматтарын Израиль мен Ираннан эвакуациялауды жалғастырып жатыр.