Алаяқтар қазақстандықтарды алдау үшін дипфейктерді қолданып жатыр, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
Алаяқтар өзін Ұлттық Банктің, мемлекеттік немесе құқық қорғау органдарының қызметкеріміз деп таныстырып, сіздің қаражатыңызды ұрлауға тырысады.
Банк күмәнді шоттарға ақша аудармаңыз, күдікті хабарламаларға сенбеуге шақырады.
Ұлттық Банк:
— жеке шоттар жүргізбейді,
— инвестициялық қорларға немесе қаржы өнімдеріне инвестиция салуға шақырмайды.
Күмәнді қоңырау түссе, әңгімені тоқтатып, ақпаратты банк немесе ұйымның ресми нөмірі арқылы өзіңіз тексергеніңіз жөн. Алаяқтарға тап болсаңыз, құқық қорғау органдарына жүгініңіз.