Қазақстанның бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ATP 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақ теннисшісі чех Томаш Махачты 7:6(2), 6:3 есебімен жеңіп, турнирдің 1/2 финалына жолдама алды.
Бұл — Бублик үшін Галледегі екінші жартылай финал. 2023 жылы дәл осы турнирде ол ATP 500 титулын жеңіп алған болатын.