BRT (Bus Rapid Transit — автобустың арнайы жолағы) жобасын жүзеге асыру аясында Желтоқсан көшесінде құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы Almaty_Joly Telegram-каналында хабарланды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Осыған байланысты 21 маусым сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін Абай даңғылынан Шевченко көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады. Бұл аумақты Абылай хан және Чайковский көшелері арқылы айналып өтуге болады.

"Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымның байланыс ақпараты бар тақта қойылады. Бағытты алдын ала жоспарлауды сұраймыз", — делінген Almaty_Joly Telegram-каналындағы хабарламада.