Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков ауа райының қолайсыздығына байланысты қала тұрғындары мен қонақтары алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкім ауа райының күрт нашарлауына байланысты коммуналдық қызметтердің күшейтілген режимге көшкенін атап өтті.

"Қазіргі уақытта дауылды желден кейін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. 42 бригада – 100-ден астам адам мен 50-ге жуық арнайы техника жұмылдырылған. Қала бойынша электр желілерінің, көше жарығы мен бағдаршамның зақымдануын жою үшін 18 жедел топ жұмыс істеуде", – деп жазды Хасар Хабылбеков 2025 жылдың 19 маусымында Instagram парақшасында.

Бұл туралы әкім былай деп түсіндірді:

  • Электр желілеріндегі ақаулар туралы өтініштерді "ПРЭК" АҚ диспетчерлік қызметі мына телефондар бойынша қабылдайды: 8 (7182) 61-06-06, 61-38-38.
  • Құлаған ағаштар туралы ақпаратты 109 қызметіне хабарлауға болады.
"Маған тікелей хат жазуыңызға да болады – барлық өтініштер өңдеуге қабылданады", – деп түйіндеді Хасар Хабылбеков.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Хасар Хабылбеков (@khassarkhabylbekov)

2025 жылғы 19 маусымда Павлодар облысында соққан бұрқасын желдің салдарынан негізінен ағаштардың құлауынан бір адам қаза тауып, көптеген жарақаттар тіркелді.