Маңғыстау облысы Қарақия ауданында әскери ұшқышсыз ұшатын аппаратқа ұқсайтын құрылғы табылып, жергілікті тұрғындарды алаңдатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Lada.kz басылымы жазды.
Куәгерлердің айтуынша, күдік тудырған ұшатын құрылғы 19 маусым күні күндіз Болашақ теміржол шекара бекетінің маңында табылған.
Бұл ақпаратты Zakon.kz-ке облыстық полиция департаменті растады.
"Маңғыстау облысының полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп, Қарақия ауданында дронның сынықтарына ұқсайтын заттың табылуына байланысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр", — деп мәлімдеді ведомство.
Полицияның мәліметінше, нысан елді мекеннен алыс, шөлді жерде табылған, ешқандай шығын немесе зардап жоқ.
Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.