Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 19 маусымда сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,63 теңгеге көтеріліп, 519,55 теңге болды.
Рубльдің орташа сараланған бағамы 6,63 (+0,017) болды.
Таңғы саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 72,21 теңгеге (+0,15) көтерілді.
Ақша айырбастау орындарында доллар 520,3-520,8 теңге, еуро 596-600 теңге, рубль 6,56-6,58 теңге аралығында сатылуда.
19 маусымдағы күндізгі саудада әлемдік мұнай бағасының өсуі жалғасуда.
Brent фьючерстерінің құны алдыңғы сессиямен салыстырғанда 0,32%-ға өсіп, барреліне 77,02 долларды құрады.
Бұл ретте West Texas Intermediate (WTI) мұнайының бір баррелінің бағасы 0,76%-ға өсіп, 74,05 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 518,81 теңге, еуроны 596,27 теңге, рубльді 6,63 теңге деп белгіледі.