Биыл жыл басынан бері бала туу мен 1,5 жасқа дейінгі күтіміне 371,6 млрд теңге төленді, деп хабарлайды 24kz.
Оған төлемдер мемлекеттік жәрдемақы есебінен әрі Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан аударылды. Осылайша, жалпы 333 мың 600 адам қаржылай көмек алды. Осы жылы бала тууға арналған жәрдемақы мөлшері бірінші, екінші, үшінші балаға – 149 мың 416 теңге. Төртінші және одан кейінгі балаларға 247 мың 716 теңге төленеді. Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін ай сайынғы жәрдемақы бірінші балаға 22 648 теңге. Екінші балаға 26 777 теңге болса, үшінші балаға 30 866 теңге. Ал төртінші және одан кейінгі балаларға – 34 995 теңге.