Қазіргі уақытта күдіктілердің мүлкі мен банк шоттарына тыйым салынды.

Ақтау қаласында ерлі-зайыптылар Instagram, TikTok және Telegram желілерінде 850 мыңнан астам оқырмандары бола тұра, ауқымды онлайн-лотереялар ұйымдастырған. Бұл туралы ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті хабарлады.

"Лотерея операторы ретінде тіркелмегеніне қарамастан, олар автокөлік, пәтер және басқа да бағалы жүлделер ойнатқан. Қатысушылар құны 500-ден 50 мың теңгені құрайтын билет (цифрлық нөмір) сатып алып отырған. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, бұл лотереяларға 1800-ден астам азамат қатысқан. Заңсыз қызмет нәтижесінде қылмыстық табыс сомасы 162 млн теңгеден асқаны анықталды", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: "Үш күнде 19 рет қол көтерген". Астанада балабақша қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды


Қазіргі уақытта күдіктілердің мүлкі мен банк шоттарына тыйым салынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

"ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", – деп қосты департаменттегілер.