Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінде ипотеканың жылдық сыйақы мөлшерлемесі 2025 жылғы 1 қарашаға дейін 25 пайыз деңгейінде өзгеріссіз қалады. деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қаржы нарығын реттеу агенттігінің сыртқы коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін Қазақстанда ипотеканың шекті пайыздық мөлшерлемесі 16 маусымнан бастап 20 пайызға дейін төмендейтіні хабарланған еді. Оған Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банктің бірлескен қаулысы негіз болған.
Алайда агенттік бұл қаулыны орындауды кейінге шегеруді ұйғарды.
"Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы "Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы" бірлескен қаулысының құрылымдық элементінің қолданысын тоқтата тұру туралы"бірлескен қаулы жобасын әзірледі.
Жоба екінші деңгейдегі банктерге алдағы өзгерістерге дайындалу үшін жеткілікті уақыт беру мақсатында әзірленді, бұл ішкі есепке алу және операциялық жүйелерді бейімдеуге, ағымдағы және жаңа ипотекалық өнімдер бойынша талаптарды қайта қарауға, сондай-ақ ішкі нормативтік құжаттарға қажетті өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді", — делінген агенттіктің хабарламасында.
Жоба шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 25 пайыздан 20 пайызға дейін төмендету жөніндегі норманы 2025 жылғы 1 қарашаға дейін тоқтата тұру көзделеді.
Баспана news
- "Отбасы банк" ипотекалық қарыздарды мерзімінен бұрын өтеуге шектеулер енгізеді
- 6 пайыз мөлшерлемемен баспана алуға болады: СҚО-да жастар үшін арнайы ипотекалық бағдарлама іске қосылмақ