Қайрат Садықов Қорғаныс министрінің орынбасары – Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Әнуарбекұлы Садықов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды", — делінген хабарламада.
"Параграф", ақпараттық жүйсендегі мәліметтер бойынша, Қайрат Садықов 1967 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
1988 жылы Орынбор Жоғары зенитті-зымыран командалық училищесін, 2010 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті жанындағы академиялық курстарды, 2013 жылы Д.Қонаев атындағы университетті ("заңгер" мамандығы бойынша), 2022 жылы Ұлттық қорғаныс университетінің Бас штаб факультетін бітірген.
Философия ғылымдарының кандидаты.
Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Әуе қорғанысы күштері тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі бас басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
2019-2022 жылдары Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы, 2023 жылдан бастап Қазақстан Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы болған.
II дәрежелі "Айбын", "Жауынгерлік ерлігі үшін" ордендерімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.