Атырау қаласындағы орталық автокөлік көпірі ауданында 2025 жылы 18 маусымда әйел адам Жайық өзеніне секіріп кеткен. Шұғыл байланыс желісіне оқиға куәгерлері хабарласып, оқыс оқиғаның орын алғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына құтқарушылар жедел аттанып, шұғыл операцияға бірден кіріскен.

"Әйел адам дер уақытында құтқарылды, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Бұған дейін Талдықорғанда өзенде шомылып жүрген баланың аяғына арматура кіріп кеткені хабарланған.