Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 18 маусымда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 518,81 теңге болды, бұл алдыңғы сессиядан 0,22 теңгеге жоғары.

Рубльдің орташа сараланған бағамы 6,62 (+0,036) болды.

Таңертеңгілік саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 72,05 теңгені (+0,32) құрады.

Ақша айырбастау орындарында доллар 519,5-520 теңге, еуро 598-600 теңге, рубль 6,53-6,55 теңге аралығында сатылуда.

18 маусымдағы саудада мұнайдың әлемдік бағасы төмендей бастады.

Brent маркалы мұнай баррелінің фьючерстік бағасы алдыңғы сессиямен салыстырғанда 0,14%-ға арзандап, 76,34 долларды құрады.

Бұл ретте West Texas Intermediate (WTI) мұнайының бір баррелінің бағасы 0,23%-ға арзандап, 73,13 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 517,45 теңге, еуроны 598,59 теңге, рубльді 6,58 теңге деп белгіледі.