Олар "Иранның ядролық қаруы болмауы керек" деп есептейді.
Көшбасшылар бірлескен мәлімдемесінде Израильдің өзін-өзі қорғағанын дұрыс деп тапқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Politico-ға сілтеме жасап.
АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Канада, Жапония және Еуроодақ басшылары жариялаған мәлімдемеде Иранға қатысты жағымсыз пікір жазылған.
– Иран – аймақтық тұрақсыздық пен лаңкестіктің негізгі көзі. Біз Иран ешқашан ядролық қаруға ие бола алмайтынын дәйекті түрде мәлімдейміз. Біз Таяу Шығыстағы соғыс қимылдарын, соның ішінде Газадағы атысты тоқтатуды кеңейту үшін ирандық дағдарысты шешуге шақырамыз, – делінген онда.
Бірақ, бұл мәлімдеме АҚШ президенті Дональд Трамп Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты G7 саммитінен ерте кетіп қалған соң ғана жасалған.
Бұған дейін Трамп Иран мен оның көшбасшысына қоқан-лоққы жасаған болатын.