Танымал қазақстандық әнші Raim 16 маусым күні жұбайы, әнші Ерке Есмаханның перзентханадан шыққан сәтінен суреттерді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фотолар әншінің Instagram парақшасында жарық көрді. Суреттерде Raim сәбиін қолына ұстап тұр, Ерке Есмахан әдемі көйлекпен жанында тұр, ал үлкен ұлы ортаңғы інісін құшақтап тұр.
"Менің отбасым – менің байлығым!",- деп жазды Raim жазба астына.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от RaiM (@raimusican)
Жұлдызды жұптың жанкүйерлері пікірлерде жарыса бақыт тіледі:
- Жандарым сол,тіл көзден аман болып,бақытты болыңдар)
- Көз қызығатындай. Алла тіл көзден сақтасын. Босағаларыңыз берік. Шаңырақтарыңыз биік, кең бола берсін. Қуанышты күндеріңіз көп болсын! Бауы берік жасы ұзақ, үлкен азамат болсын Батырдың!
- Бауы берік болсын!
Бұған дейін Мәди Рымбаевтың "жиенімен" түсірген бейнесі желіні шулатқандығын жазған болатынбыз.