Шөп төсенішті корттарда өтетін турнирлер ресми түрде басталды.
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Германияның Галле қаласындағы АТР 500 турнирінде алғашқы кездесуінде француз Александр Мюллерді 6:4, 6:4 есебімен жеңіп, екінші айналымға шықты.
Келесі қарсыласы Янник Синнер мен неміс Янник Ханфман арасындағы кездесудің жеңімпазымен сынға түседі. Айта кетейік, 2022 жылы Бублик Галледе Синнерді жеңіп, турнир чемпионы атанған.
Бүгінгі жеңісі үшін Бублик 36 885 еуро мен 50 рейтингтік ұпай алды.
15 маусым басталған турнир 22 маусымға дейін жалғасады.