"Таңшолпан" бағдарламасында қонақ болған танымал әнші Индира Елемес ерекше жаңалығын бөлісті. Ол есімін Хадиджа деп өзгерткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Индира Елемес 2023 жылы азан шақырып, есімін Хадиджа деп өзгерткен.
Әншінің айтуынша, есімін өзгертуді көптен бері ойлап жүрген. Бірақ батылы жетпеген. Алайда екі жыл бұрын жүрегінің үнін тыңдап, нақты қадамға барған.
"Индира есімі – мұсылман есімі емес. Оны кішкентай кезімнен білемін. Алайда анамның көңіліне қарайтынмын. 2023 жылы азан шақырып есімімді өзгерттім. Хадиджа деген атты өзім таңдап алдым", — дейді ол.
Әнші атын өзгерткен соң өмірінде көптеген өзгеріс болғанын атап өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Таңшолпан Бағдарламасы (@tansholpan_tv)