Бұл сауалға Атом энергетикасы жөніндегі агенттік жауап берді .

Олардың сөзінше, санкция салынуы мүмкін. Бірақ, ықтималдығы өте төмен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Соңғы мәліметтер бойынша, "Росатом" санкциялар тізімінде жоқ. Болашақта жекелеген елдерде санкциялардың күшеюіне байланысты қандай да бір тәуекелдер туындаған жағдайда бізде қазақстандық компаниялар басқа жобаларда қолданған тиісті шарттық тетіктер көзделген. Мысалы, тиісті санкциялар мен басқа да құқықтық құралдарды қолдану мүмкіндігі бар, – деп түсіндірді агенттік мамандары.

Сондай-ақ, агенттік "Росатомның" санкцияға түсу ықтималдығын айтып берді.

– Бұл ретте әлеуметтік-гуманитарлық қажеттіліктермен және климаттық күн тәртібімен байланысты атом энергетикасы санкциялық тізімдерге енгізілмеген, – деп толықтырды агенттік жауабын.

Осыған дейін еліміздегі алғашқы АЭС-ті "Росатом" салатыны туралы шешім өзгермейтінін хабарлаған едік. Сондай-ақ, Қазақстан мен "Росатом" арасындағы келісімге қашан қол қойылатынын жаздық.