Қазақстан халықаралық бизнеске тағы бір қадам жасады.

Елімізде инвестициялық тартымдылықты арттыру және ұзақмерзімді іскерлік әріптестікті қолдау мақсатында инвесторлық визаны алу қағидалары бекітілді. Бұл жаңа шаралардың енгізілуі арқылы шетелдік инвесторларға Қазақстанда бизнес жүргізу және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жеңілдетіледі. Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыровтың мәлімдеуінше, бұл визалық режим елдің экономикалық әлеуетін нығайтып, халықаралық инвестициялар ағынын арттыруға ықпал етеді.

Инвесторларға арналған жаңа талаптар мен жеңілдіктер олардың елімізге тартылуын қамтамасыз етіп, ұзақ мерзімді тиімді ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді. Осылайша, Қазақстан инвесторлар үшін тартымды әрі қолжетімді өңірге айналмақ.

"Еліміз аймақтағы ең үздік инвестициялық ахуалы бар мемлекет ретінде кеңінен танылған. Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан 425 миллиард АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестиция тартты, бұл Орталық Азиядағы барлық тікелей шетелдік инвестиция көлемінің шамамен 70%-ын құрайды, – деді Әлібек Қуантыров.


Оқи отырыңыз: "Неге қазақтар Дженнифер Лопесті сонша жақсы көреді?". Әншінің менеджерлері Қазақстанда билеттердің жылдам сатылғанына таңғалған


Қазақстан халықаралық бизнеске тағы бір қадам жасады. Министр орынбасарының мәлімдеуінше, елдің халықаралық бизнес ортаға интеграциясын арттыру мақсатында маңызды шаралар қолға алынды.

"Жуырда еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және ұзақмерзімді іскерлік әріптестікті қолдауға бағытталған инвесторлық визаны алу қағидалары бекітілді. Жаңа талаптарға сәйкес, қазақстандық компаниялардың жарғылық капиталына немесе жергілікті бағалы қағаздарға кемінде 300 мың АҚШ доллары көлемінде инвестиция салған шетел азаматтары инвесторлық виза алу үшін электронды өтініш бере алады. Бұл «алтын виза» кейін Қазақстан Республикасында 10 жылға дейін тұруға ықтиярхат алуға мүмкіндік береді", – деді ол.