Енді институтты бұрынғы экономика вице-министрі Жандос Шаймарданов басқарады.
Бүгін, 16 маусым күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директорын ауыстырды, деп хабарлайды Ақорда.
Ақорда мәліметінше, бұған дейін институтты Еркін Тұқымов басқарған.
"Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымынан босатылды", – деп хабарлайды Ақорда.
Оқи отырыңыз: Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасын қабылдады
Енді институтты бұрынғы экономика вице-министрі Жандос Шаймарданов басқарады.
"Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына тағайындалды", – делінген хабарламада.